Экономика зерттеу институты нарықтағы жаңа үйлердің 1 шаршы метрінің бағасын бағамдап, рейтинг жасады. Нарықтағы жаңа тұрғын үй бағасының қымбаттауы 2025 жылғы мамырда да жалғаса берді. Қазақстан бойынша орташа есеппен 1 ш.м. құны 521 596 теңгені құрады, бұл сәуірдегі көрсеткіштен 0,7%, ал былтырғы мамырдағы көрсеткіштен 8,7% артық.
Өңірдегі бағаларға назар салсақ, жаңа тұрғын үй бағасының қатты қымбаттағаны Павлодарда (+22,6%), Алматыда (+12,7%) және Шымкентте (+10,9%) байқалады. Бұған қалаларда жаңа ғимараттарға жоғары сұраныс пен құрылыс секторының белсенді дамуы себеп болуы мүмкін. Алматыда жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 1 ш.м. үшін 633 217 теңгеге жетті, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

