Отандық өндірушілер комбайн мен трактор бағасын негізсіз қымбаттатқан

Отандық өндірушілер комбайн мен трактор бағасын негізсіз қымбаттатқан

Монополияға қарсы орган ауылшаруашылық техникасы нарығында жұмыс істейтін бірқатар компанияларға қатысты тергеп-тексерулерді аяқтап, монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады.

Тергеу қорытындысы бойынша «KazRost Engineering» ЖШС комбайндарға монополиялық жоғары баға қолданғаны анықталды. Қазіргі уақытта істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарау күтілуде.

Бұдан басқа, «BELARUS Kazakhstan» ЖШС дилерлердің экономикалық қызметін үйлестіруде кінәлі деп танылды, бұл тракторларды сату кезінде бірыңғай бағаны белгілеуде көрініс тапты. Компанияның талқылау қорытындысы бойынша 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды, сондай-ақ бұзушылықты тоқтату туралы нұсқама берілді.

Қазіргі уақытта айыппұл төленді, нұсқама орындалды.

«Өндірісте тракторларға монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС – не қатысты тергеу жүріп жатыр», — деді Агенттік Төрағасы Марат Омаров.

Сонымен қатар, «МТЗ Қазақстан» ЖШС монополияға қарсы органның хабарламасын орындады және баламалы келісімдерге әртүрлі бағаларды қолдану тәжірибесін тоқтатты.