Статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы IV тоқсанда жалақының медианалық мәні – 308 717 теңге, атаулы жалақының орташа мәні – 434 982 теңге болды.
2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағандағы өсім 10,5%-ды, нақты мәнде 1,8% болды
IV тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты.
2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс – 32,8%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%, жылжымайтын мүлік операциялары – 20,3% салаларында байқалды
Медиана жалақысы – барлық жұмысшыларды екі тең топқа бөледі, адамдардың жартысы сол мөлшерден аз, ал екіншісі көп жалақы алады. Бұл ең жоғары және ең төмен жалақы мөлшерін ескермей-ақ, «орташа» адамның қанша жалақы алатынын көрсетеді.
Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі.