Он айда банктер 2,1 трлн теңге таза пайда тапты

Он айда банктер 2,1 трлн теңге таза пайда тапты

2024 жылдың он айында қазақстандық банктердің таза пайдасы 2,1 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк статистикасы. Қазан айында олар 246,5 млрд теңге (+13,2%) табыс тапты.

Он айдың қорытындысы бойынша ең табысты банктердің бестігіне мыналар кірді:

  • Halyk Bank – 689,2 млрд теңге (қазанда +89,3 млрд теңге);
  • Kaspi Bank – 431,7 млрд теңге (+52,9 млрд теңге);
  • ЦентрКредит банкі – 156,4 млрд теңге (+17,3 млрд теңге);
  • Jusan Bank – 132,4 млрд теңге (+12 млрд теңге);
  • ForteBank – 124,7 млрд теңге (+11,4 млрд теңге).

Одан кейін он айда 102,5 млрд теңге табыспен Отбасы банкі (қазанда +7,5 млрд теңге), Ситибанк Қазақстан 88,2 млрд теңге (+9,7 млрд теңге), Еуразиялық банк 76,2 млрд теңге (+12,8 млрд теңге).