Нұрбанк та бейрезиденттерге карта беруді тоқтатты

Нұрбанк та бейрезиденттерге карта беруді тоқтатты

Техникалық жұмыстар жүргізу себепті ҚР резиденті емес тұлғалар үшін төлем карталарын шығаруды уақытша тоқтата тұрғанымызды хабарлаймыз, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Kaspi Bank пен Home Credit Bank бейрезиденттерге карта ашуды тоқтатқан.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдіктерге бір жылдан астам мерзімге карта ашуға тыйым салған болатын.

Ал Freedom Bank және ЦентрКредит Банк резидент еместер үшін карталарды ашудың жаңа ережелерінің күшіне енгенін хабарлады, бірақ олардың карта беруді тоқтатпады.