Нұралы Әлиев Транстелеком акционерлер құрамынан кетті

Нұралы Әлиев Транстелеком акционерлер құрамынан кетті

Нұрәлі Әлиев жанама түрде иелік ететін «Транстелеком» компаниясының үлесін сататынын хабарлады. Оның әлеуметтік желідегі жазбасында «компанияны сату» деген сөз қолданылған.

«Он жылдан астам жұмыс істегғн «Транстелеком» АҚ-ны сатуыма байланысты акционерлер құрамынан және директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетуге шешім қабылдадым», — деп жазды ол 2025 жылдың 11 ақпанында Instagram парақшасында.

Жазбасында Әлиев 2013 жылы «Транстелеком» (ТТК) басшысы болғанын атап өтті. Ол кезде компания «теміржол саласына қызмет көрсететін шағын жергілікті байланыс операторы» болғанын айтты.

«Ол кезде біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұрды: ТТК-ны заманауи, жоғары технологиялық компанияға айналдыру, инновацияларды енгізу және жаңа бағыттарды дамыту», — деп жазды Әлиев. 

Ол қазіргі Транстелекомды «ұлттық масштабтағы IT-компания» деп атады және қазіргі уақытта «АТ және инфокоммуникациялық қызметтердің толық спектрін ұсынатынын» атап өтті.

Назарбаевтың жиені мұндай шешімге келу себебін түсіндірмеді, сондай-ақ мәміленің параметрлері мен мерзімін де нақтыламады. 2025 жылдың 11 ақпанындағы жағдай бойынша, eGov деректеріне сәйкес, «Транстелекомның» акционерлері бұрынғысынша «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы және «Unit Telecom» ЖШС, ал Unit Telecom құрылтайшылары Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупатиев. KASE мәліметінше,, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, ҚТЖ Транстелекомның 25%, Unit Telecom 75% үлесіне ие.

Нұрәлі Әлиев алғаш рет 2021 жылы (Покупателевпен бірге) Транстелекомның соңғы бақылаушы акционері ретінде пайда болды. 2019 жылдың 28 желтоқсанында Unit Telecom және Transtelecom-ның сол кездегі түпкілікті бақылаушы акционері Марлен Мұханов акцияларды сатып алу-сату шартына қол қойды, оған сәйкес Мұханов «Транстелеком» үлесін — 75% минус 1 акциясын — Unit Telecom пайдасына иеліктен шығарды. Сатып алу және сату 2021 жылдың 6 тамызында өтті.

Нұрәлі Әлиев 2024 жылғы Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені рейтингінде 41-орынға ие болды. Forbes Kazakhstan оның байлығын 220 миллион долларға бағалайды.