Несиенің максималды пайызы төмендеп, сомасы бекітілді

Несиенің максималды пайызы төмендеп, сомасы бекітілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Ұлттық банк банк несиелері мен микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін мына мәндерге дейін төмендету туралы бірлескен қаулы қабылдады:

  • кепілсіз банк несиелері бойынша 56%-дан 46%-ға дейін;
  • 40%-дан 35%-ға дейін кепілмен қамтамасыз етілген банк несиелері бойынша;
  • ипотека бойынша – 25%;
  • микроқаржы ұйымдарының шағын несиелері бойынша 56%-дан 46%-ға дейін.

45 күнге дейінгі шағын несиелер үшін мөлшерлемелер бойынша шектеулер күшейтілді:

  • күнделікті номиналды мөлшерлеме 1%-дан 0,3%-ға дейін төмендеді;
  • максималды ЖТСМ енгізілді — 179%-дан аспайды.
  • осындай шағын несиелердің ең жоғары мөлшері 50 АЕК-тен (184 600 теңге) 45 АЕК-ке (166 140 теңге) төмендетілді.

Сонымен қатар тұтынушылық банктік несиенің және тұтынушылық микронесиенің максималды сомасы бекітілді:

  • кепілсіз банктік несие бойынша – 2200 АЕК-тен аспайды (2024 жылы 8 122 400 теңге);
  • кепілмен қамтамасыз етілген банктік несие бойынша – шектеусіз;
  • МҚҰ кепілсіз шағын несиесі үшін – 1 100 АЕК (4 061 200 теңге) аспайды;
  • кепілді қамтамасыз етумен шағын несие бойынша – ломбардтар үшін 8 000 АЕК (29 536 000 теңге) дейін және микроқаржы ұйымдары үшін 20 000 АЕК (73 840 000 теңге) дейін.