Несиенің азаюынан банктер активі кеміп қалды

Несиенің азаюынан банктер активі кеміп қалды

Банк секторының активтері 2025 жылғы 1 ақпанға негізінен несие портфелінің 0,7% немесе 0,3 трлн теңгеге төмендеуі есебінен биыл қаңтарда 1,5% немесе 0,9 трлн теңгеге азайып, 60,6 трлн теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, бизнестің банктерге қарызының азаюы салдарынан жалпы несие портфелінің кемігенін жазған едік.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,2 трлн теңгені немесе активтердің 31,7%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы қаңтарда заңды тұлғалар салымдарының 3,9%-ға дейін төмендеуі нәтижесінде 2,1%, 51,5 трлн теңгеге азайды. Банк секторының міндеттемелері құрылымында негізгі үлес – 80,1% немесе 41,3 трлн теңге клиенттердің салымдарына тиесілі.

Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы қаңтарда 2,0%, 9,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,7%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 22,4%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2025 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 228 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы қаңтарға қарағанда 15,5% артық. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4,6%-ды (2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 4,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 32,2%-ды (2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 32,5%) құрады.