Қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестиция бірінші тоқсандағы құлдыраудан кейін 1,9%, 13,61 трлн теңгеге дейін өсті. Қазан айында айлық өсім 15,9%-ды құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Инвестициялардың 66,3%-ы құрылыс салуға және күрделі жөндеуге, 30%-ға жуығы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға бағытталған.
Инвестициялардың басым көздері компаниялардың меншікті қаражаты болып қала береді (8,9 трлн немесе жалпы көлемнің 65,8%-ы), алайда, бюджет қаражатының көлемі де күрт өсті — 19,6%-ды (бір жылда +33,9% өскен) құрады. Негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі банк секторының үлесі 4%. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,6% болған.