2022 жылғы 2 маусымда ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері Жезқазған қаласының жылу электр орталығында болды.
«Kazakhmys Energy» ЖШС-ның Жезқазған ЖЭО-сы «Қазақмыс Холдингі» тобына кіреді.
Жезқазған ЖЭО 1952 жылы пайдалануға берілді, станцияның белгіленген электр қуаты – 252 МВт, жылу қуаты-564 Гкал/сағ.
Электр станциясын алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жөндеу жұмыстарына 3,8 млрд.теңге бөлінді.
Жылу электр орталығын аралау барысында 4,6 млрд.теңге сомасына каркасты ауыстыра отырып, №8 қазандығын реконструкциялау және 7,5 млрд.теңге сомасына Жезқазған ЖЭО-дағы №10 қазандығын ауыстыру бойынша ағымдағы жұмыстар тексерілді.
Сондай-ақ Жезқазған ЖЭО-да 2019 жылдан бастап станцияның сенімділігін арттыру бойынша кешенді жоспар іске асырылып келеді. Бүгінгі таңда жоспар аясында 7,5 млрд.теңге сомасына 21 іс-шара орындалды.
Жоғарыда аталған іс-шаралар электр станциясы жұмысының сенімділігін арттыруға және тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтауға бағытталған.
Энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымына сапалы дайындау ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тұрақты бақылауында.