2026 жылғы I тоқсандағы жалақының медианалық мәні – 331 527 теңге, атаулы жалақының орташа мәні – 461 486 теңге болды, деп хабарлайды статистика бюросы.
2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%, қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%, сумен жабдықтау – 16,5 %, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,7%, көлік және жинақтау – 12,9%, өнеркәсіп – 11,6% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 7,0%, білім беру – 4,2% өсті.