Маңғыстауда 100 млн еуроға кеме зауыты салынады

Маңғыстауда 100 млн еуроға кеме зауыты салынады

Брюссель қаласында өткен «Қазақстан – Еуропалық Одақ» бизнес-форумы аясында Маңғыстау облысы мен халықаралық кеме жасау компаниясы «Damen Shipyards Group» арасында «Қазақстан Республикасының Каспий теңізі секторында кеме жасау зауытын салу жөніндегі жоба» бойынша негіздемелік келісімге қол қойылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Жобаның жалпы инвестициялық құны шамамен 100 млн еуро. Аталған бастама Каспий теңізі өңірінде заманауи кеме жасау өндірісін қалыптастыруға, отандық өндірістік қуаттарды дамытуға және теңіз көлігі инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған.

Нидерландтық «Damen Shipyards Group» – кеме жасау және теңіз инфрақұрылымы саласында халықаралық деңгейде жұмыс істейтін жетекші компаниялардың бірі.