Мамыр айында жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі сәуірмен шамалас болды — 1,6 трлн теңгеге жуық (бір айда -0,7% азайған). Негізгі бөлігін, әдеттегідей, кепілсіз тұтынушылық несие құрап отыр (шамамен 890 млрд теңге). Мұндағы көлем өткен айдың көрсеткішімен бірдей деуге болады. Қарыз алушылардың саны да аса қатты азая қойған жоқ — 0,8% ғана.
Сәуір көрсеткіштерімен салыстырғанда автонесие 1,9% азайып, 234 млрд теңге болса, қарыз алушылар саны да 4,8% азайып, 23,6 мың адам болды.
Ипотека несиесі өткен аймен салыстырғанда 1,9% артып, 252 млрд теңгеге жеткен. Қарыз алушылар саны 12,8 мың адамды құрап, сәуірге қарағанда сәл төмен болды (-2,1%). Тиісінше, бір қарыз алушыға шаққанда рәсімделген несиенің орташа сомасы өсті: 19 млн теңгеден 19,7 млн теңгеге дейін көбейді. Айтпақшы, нәтижесінде, 1 маусымдағы жағдай бойынша, ипотека портфелі 6,8 трлн теңгеге жуықтады, бұл сома 617 мың қарыз алушыға және 645 мың несиеге тиесілі болып отыр.
Ал заңды тұлғалар мен ЖК берілген жалпы несие көлемі, екеуін қоса алғанда, сәуірдегі деңгейге қарағанда төмендеген: 14,6%, шамамен 1,9 трлн теңгеге дейін. Әдеттегідей, жалпы соманың негізгі бөлігін заңды тұлғаларға берілген несиелер (1,7 трлн тг) құрап отыр, көлемі 14,4% азайған.