Мал, ет және дәріні маркетплейстерде сатуға шектеу бар

Сауда және интеграция министрлігі маркетплейстерге қоюға және сатуға тыйым салынған әрі шектеу қойылған тауарлардың тізімін әзірледі.

Министрліктің мәліметінше, тізім «Сауда қызметін реттеу туралы» заң талаптарына сәйкес және мүдделі мемлекеттік органдар ұсынған ақпарат негізінде жасалған.

Құжатқа сәйкес, маркетплейстерде қарудың әртүрлі түрлерін, сексеуіл ағашынан жасалған өнімдерді, шайналмайтын темекі өнімдерін, электрондық темекі шегу құрылғыларын (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді сатуға тыйым салынған.

Бұдан бөлек, бірқатар басқа тауарларға қатысты да арнайы шектеулер қарастырылған. Атап айтқанда, олардың ішінде мал, ет және дәрі бар.

Шектелген және тыйым салынған заттар тізімін мына жерден көруге болады.