2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн гектарға дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс алқабының 23,3%-ы), Қостанай (23%), Павлодар (12,5%), Абай (10,2%), Ақмола (9,2%) және Шығыс Қазақстан (7,7%) облыстарына тиесілі.
Майлы дақылдардың өнімі 3,3 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 53% артық (2,1 млн тонна). Осы көлемнің 1,8 млн тоннасын күнбағыс құрады.
Өсімдік майы өндірісі өсуін жалғастыруда. Қазақстанда жылына шамамен 4,0 млн тонна шикізатты қайта өңдеу қуаты бар 88 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар негізінен Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында шоғырланған.
2024 жылы барлығы 753 мың тонна өсімдік майы өндірілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12% артық (672,1 мың тонна). 2025 жылғы қаңтар-ақпанда өндіріс көлемі 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,7%, 124,8 мың тоннадан 158,1 мың тоннаға дейін ұлғайды. Оның ішінде күнбағыс майы өндірісі 22,4% — 113 мың тоннадан 138,2 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Өткен жылы өсімдік майы экспортының көлемі 582,1 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12% артық. Өнімдер ҚХР-да жоғары сұранысқа ие, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Латвия және Түрікменстан елдерінде экспорт үлесі экспорттың жалпы көлемінің 42,4%-ын алады.