Люкс салығы: үй 450 млн теңгеден, көлік 75 млн теңгеден асса

Люкс салығы: үй 450 млн теңгеден, көлік 75 млн теңгеден асса

Ұлттық экономика министрлігі 2024 жылы ұсынылған сән-салтанат заттарына салынатын жоғары салық салу шаралары Парламент Мәжілісіндегі Салық кодексінің жобасында әлі де қарастырылып жатқанын хабарлайды.

«Бұл бастама аясында жалпы құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке мүлік салығының жоғары мөлшерлемелері, кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге көлік салығының жоғары мөлшерлемелері, қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен әуе көліктеріне қосымша акциз салу қарастырылған», — деп хабарлайды министрлік.