Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Экономиканы либеризациялау шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.
«Экономикалық кеңістікті босату және жеке кәсіпкерліктің әлеуетін толық іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жекешелендіру процесін аяқтау және экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін қысқарту жұмыстарын жүргізуі керек», — делінген жарлық мәтінінде.
Осы мақсатта «Заңсыз алынған мүлікті қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігін және Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша ерекше істерді қоспағанда 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілді.
2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік активтерге аудит жүргізіп, кейіннен мемлекеттік мүліктің бірыңғай мемлекеттік тізілімін нақтылауы тиіс.