Автор: Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global талдаушысы
Күзгі кезең дәстүрлі түрде қаржы нарықтарында жоғары белсенділікпен сипатталады. Инвесторлар жазғы тыныштықтан кейін белсенді жұмысқа қайта оралуда, компаниялар аралық есептілікті жариялауда, ал нарыққа қатысушылар жаңа деректерді ескере отырып, инвестициялық портфельдердің құрылымын қайта қарауда. Осы орайда көбіне «күзгі ралли» әсері - нарықтық динамиканың өсуі және жекелеген активтерге қызығушылық қалыптасады.
Күз көшбасшылары
- «KEGOC» АҚ(KEGC): осы күзде баға белгілеудің ұзақ ұйқысынан кейін әлеуетті түрде KASE индексінің күтпеген көшбасшылардың бірі бола алады. Жақында екінші тоқсандағы нәтижелерін жариялаған компания сәуір айынан бастап қызметтеріне тарифтер көтерілгеннен кейін кіріс пен таза пайданың айтарлықтай өскенін көрсетті. Осы ретте бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша дивидендтердің арту ықтималдығы артуда.
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (HSBK): акциялар 14 жылдық максимумдарды жаңартуда. Банк пайыздық кірістердің жақсы өсу қарқыны мен жоғары кірістілікті көрсетіп отыр, ал дивидендтерді төлеуге байланысты бағаның соңғы төмендеуі нарық тарапынан күрт сатып алынды, бұл инвесторлар тарапынан сұраныстың сенімді екенін көрсетеді.
- «Kaspi.kz» АҚ (KSPI): компания II тоқсанның қорытындысы бойынша рекордтық пайыздық кірістер мен комиссиялық кірістердің одан әрі өсуін көрсете отырып, жақсы есеп берді. Оның үстіне II тоқсанда негізгі үш сегменттің өсу қарқыны басшылықтың болжамдарынан біршама жоғары болып шықты. Нарық бұдан былай да жалғасу мүмкіндігімен бағаның өсуін көрсете отырып, есепке оң жауап берді.

Әлеуеті ең жоғары компаниялар
- «KEGOC» АҚ (KEGC) 45% (бағада әлі көрініс таппаған тарифтердің күрт өсуі).
- «Эйр Астана» АҚ (AIRA): 28% (жазғы кезеңнің жоғары маусымдылық әсері).
- «ҚазТрансОйл» АҚ (KZTO) 29% (соңғы тоқсандарда таза пайданың жоғары деңгейін сақтау).
Дивидендтік оқиғалар
KASE-дегі негізгі дивидендтік маусым жазда аяқталғанымен, инвесторлар әлі де бірнеше компанияның күзгі төлемдеріне сене алады.
- «KEGOC» АҚ дәстүрлі түрде әрбір жарты жылда дивиденд төлейді. Осы жартыжылдықта олардың мөлшері II тоқсанда тарифтердің көтерілуіне негізделген пайданың өсуі есебінен артуы мүмкін.
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өткен жылғы тәжірибені қайталап, күздің соңында дивидендтерді ішінара төлей алады.
Күздің қарсаңындағы қазақстандық есептілік (II тоқсанның қорытындылары бойынша)
Тамыздың екінші жартысында KASE индексіне кіретін компаниялардың басым бөлігі қаржылық есептерін жариялады. Олардың ішінде KEGOC пен Air Astana-ның есептері назар аудартты. KEGOC – тарифтердің өсуі есебінен қаржылық көрсеткіштерін жақсартқан компания ретінде, ал Air Astana – әуе компаниясы үшін дәстүрлі түрде табысты болып саналатын жазғы маусымның арқасында оң нәтижелер көрсетті.