«Кселл» акционерлік қоғамы  2023 жылғы қаржылық нәтижелер туралы хабарлайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ірі мобильді операторы «Кселлдің» таза табысы 33 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Қазақстан қор биржасының алаңында өткізілетін дәстүрлі «Эмитент күні» барысында компанияның Басқарма Төрағасы Асхат Узбеков мәлім етті.

Ұсынылған шоғырландырылған есептілікке сәйкес өткен жылдың 12 айы мен 4 тоқсаны ішінде «Кселл» барлық негізгі қаржыэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсімді көрсетіп, бұл компанияның акционерлік құнының өсуіне де әсер етті.

Оператор басшысы Асхат Узбеков «Эмитент күнінде» компанияның 2023 жылды айтарлықтай оптимистік көрсеткіштермен жабатынын хабарлады. Атап айтқанда, «Кселл» компаниясының жалпы кірісі өткен жылдың 12 айында 227,5 млрд теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,83% өсті.

Сонымен қатар, сервистік кіріс шамамен 10% артып, 190 млрд теңгеден асты, EBITDA көрсеткіші біржолғы шығындарды есептемегенде 4,6% - 95 млрд теңгеге өсті, ал EBITDA бойынша рентабельділік 41,8% құрады.

Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындысы бойынша компания 33 млрд теңгеге жуық таза пайда алды, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 7,5 млрд теңгеге аз болып шықты. Бұл «Кселлде» өз желісін дамыту мен жаңартуға жұмсалатын күрделі шығындардың айтарлықтай өсуімен, сондай-ақ бесінші буын байланыс технологиясын өрістетуге салынған орасан зор инвестициялармен байланысты.