КҚК арқылы мұнай тасымалы 30% азаяды

КҚК арқылы мұнай тасымалы 30% азаяды

Каспий құбыр консорциумы нысандарын қалпына келтіруге 1,5 айдан 2 айға дейін уақыт қажет, бұл қазақстандық мұнайды айдау көлемін 30% қысқартуы мүмкін.

«Транснефть» компаниясының мәліметінше, Кропоткинская мұнай айдау стансасына елеулі зақым келген: шатыры қирап, жабық тарату қондырғысы мен газ турбиналық қондырғысы (ГТҚ) зақымдалған, кабельдер мен кабельдік эстакада, су ыдысы да зақымдалған, 2 трансформатор, сүзгілер және ГТҚ өрт сөндіру жүйесі қираған.

Мұнай айдау көлемін 30% қысқарту Қазақстан экономикасына ауыр соққы болмақ. Өйткені қазақ мұнайының үштен екісі осы құбыр арқылы сатылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 17 ақпанында Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдау нысаны Кропоткинская мұнай айдау стансасына ұшқышсыз ұшу құрылғылары шабуыл жасаған.

ҚР Энергетика министрлігі оқиғаға қатысты: «Қазақстан мұнайына КҚК тарапынан ешқандай шектеулер жоқ, жұмыс қалыпты режимде жүргізілуде», — деп өтірік айтқан еді.