Қазақстанда Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан шекарасында, сондай-ақ Каспий аймағында көлік-логистикалық хабтар желісі құрылуда. Бұл жұмыс көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдауды арттыруға бағытталған, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет отырысында бес трансшекаралық хабты дамыту мәселесі талқыланды. ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, «SKYHANSA» қазақстандық-неміс кәсіпорны «Қорғас» хабында жүк-жолаушы әуежайы жобасын жүзеге асыруды бастады. Авиациялық жүк хабына уақытша сақтау қоймасы бар жүк терминалы, жанармай қоймасы, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсететін авиациялық техникалық орталық және «Қорғас» АЭА аумағында жүк авиакомпаниясы кіреді. Өткізу қабілетін арттыру үшін Алтынкөл вокзалын жаңғырту жоспарлануда.
Осындай жұмыстарды Қырғызстанмен шекарадағы Өнеркәсіптік сауда-логистикалық кешенінде де жүргізу жоспарлануда. Бұл ретте, «Еуразия» шекаралық сауда орталығы мен «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығына жақындау кезінде Степное – Федоровка тас жолын (144 км) жөндеу және Дарбаз – Мақтаарал теміржол желісі (152 км), бұл өткізу пункттеріндегі өткізу қабілетін арттырады.
Сонымен қатар, Каспий хабын дамыту аясында Ақтау және Құрық теңіз порттарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ақтау портында контейнерлік хаб салу жобасы басталды. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған. Оны жүзеге асыру порттың өткізу қабілетін жылына 250 мың ТЭУ-ге дейін арттырады. Құрық портына келетін болсақ, биылғы жылы қайта тиеу қуаттылығы жылына 1 млн тонна болатын жаңа астық терминалы іске қосылды.
Үкімет трансшекаралық көліктік-логистикалық хабтарды құру шикізаттық емес тауарлар экспортын 30% арттыратынын атап өтті.
«Өзбекстанмен шекарада Орталық Азия хабының жобасын жүзеге асыру теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға арттырады. Ақтау портында контейнерлік торап құру жүктерді ауыстырып тиеуді жылына 92 мыңнан 300 мың контейнерге дейін арттыруды қамтамасыз етеді. Жалпы, хаб жүйесі біздің сауда әріптестерімізбен біртұтас сауда және көлік кеңістігін қалыптастыруы керек. Бұл елдер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай арттырып, көршілес мемлекеттермен стратегиялық қарым-қатынасты нығайтады», – деді Премьер-Министр Олжас Бектенов.
Ол Сыртқы істер, сауда және интеграция министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, әлеуетті шетелдік инвесторлар пулын қалыптастыруды және олардың жобаларға қатысуын пысықтауды, сондай-ақ басқарушы компаниялардың жұмыс жағдайын анықтауды тапсырды.