Кондитерлік өнімдер өндірісі мен импорты артты

Кондитерлік өнімдер өндірісі мен импорты артты

Кондитерлік өнімдер өндірісі 7,3% өсті, деп хабарлайды статбюро.

2024 жылғы қаңтар-қараша айларында 33,7 мың тонна кондитерлік өнімдер, оның ішінде пирожныйлар мен ұннан жасалған өнімдер өндірілді. 

2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,3% артып, 31,3 мың тоннадан 33,7 мың тоннаға дейін жетті.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 10 айында шоколад өнімдері мен шоколад және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер импортының өскені байқалады. Бұл тауарлардың импорты 5,4% артты, 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы 98,2 мың тоннадан биылғы жылы 103,4 мың тонна болды.

Айта кетейік, 2024 жылдың 10 айында импорттық шоколад өнімдерінің үлесі 58% құрады.

Бұл ретте кондитерлік өнімдер экспорты 9,7% өсті. 2023 жылдың осы кезеңінде 32,4 мың тонна тәтті өнімдер экспортталды.

2024 жылдың 10 айында ішкі нарықта 145,9 мың тонна шоколад және кондитерлік өнімдер сатылды.