Компаниялар жұмысқа қабылдарда үміткерлердің қандай қасиеттеріне мән береді?

Компаниялар жұмысқа қабылдарда үміткерлердің қандай қасиеттеріне мән береді?

Жұмыс берушілер үшін үміткерлерді іріктеуде не маңызды: HeadHunter Kazakhstan сауалнама нәтижелерін жариялады.

Үміткерлерді дұрыс іріктеу — команданың өнімділігіне, ұжым ішіндегі атмосфераға және компания имиджіне әсер ететін стратегиялық маңызды кезең. Бұл процесстегі қателіктер уақыттың, ресурстардың жоғалуына және тиімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Тиімді іріктеу сұхбаттан әлдеқайда ерте басталады: вакансияны дұрыс сипаттау, үміткер профилін саралау, оның корпоративтік мәдениетке сәйкестігін бағалау. Жұмыс берушілер пікірінше үміткерлер барған сайын жұмысты кешенді түрде іздейді: тек кәсіби дағдыларын ғана емес, сонымен қатар мотивациясын, икемділігін және даму әлеуетін де қарастырады.

HeadHunter 130 компания өкілдері арасында сауалнама жүргізіп, үміткерлерді іріктеуде қандай қасиеттер мен критерийлер шешуші рөл атқаратынын анықтады.

Үміткердің қандай қасиеттері ең маңызды деп санайсыз?

  • Кәсіби дағдылары мен тәжірибесі — 85%
  • Мотивациясы мен жұмысқа қызығушылығы — 73%
  • Икемділігі мен үйренуге қабілеті — 60%
  • Коммуникация дағдылары және командамен жұмыс істей білуі — 48%
  • Корпоративтік мәдениетке сәйкестігі — 10%
  • Басқа — 2%

*әр респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды 

Екі бірдей үміткер арасынан таңдауда қандай фактор шешуші болады?

  • Сұхбат кезіндегі жеке әсер — 62%
  • Дамуға деген әлеуеті — 48%
  • Компания құндылықтарына сәйкестігі — 38%
  • Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар — 28%
  • Тест тапсырмасы немесе кейс-сұхбат — 19%
  • Басқа — 2%

*әр респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды

Сіз үшін не маңыздырақ: тәжірибе ме, әлде потенциал ма?

  • Көбіне тәжірибе, бірақ әлеует те маңызды — 52%
  • Лауазымға байланысты — 42%
  • Потенциал маңыздырақ — бастысы, «оттай жану» керек — 41%
  • Тек тәжірибе — 5%
  • Басқа — 1%

*әр респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды 

Сіздің ойыңызша soft skills қаншалықты маңызды?

  • Лауазымға байланысты — 57%
  • Маңызды, бірақ екінші орында — 34%
  • Өте маңызды — оларсыз жұмысқа алмаймын — 23%
  • Онша маңызды емес, бастысы — hard skills — 9%
  • Басқа — 1%

*әр респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды

Жұмыс орнын әр 1–2 жыл сайын ауыстыратын үміткерлерге көзқарасыңыз қандай?

  • Бейтарап — себебіне байланысты — 55%
  • Нақты үміткер жұмысына байланысты — 38%
  • Теріс — «джамперлерді» ұнатпаймын — 22%
  • Оң көзқарас — икемді әрі амбициялы адамдарды іздеймін — 5% 

*әр респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды

Жұмыс берушілер не дейді: пікірлер мен түсініктемелер

«Үміткер туралы алғашқы әсерді түйіндеме мен мотивациялық хат қалыптастырады. Толық жазылған түйіндеме + компаниямызға арнайы жазылған хат = сұхбатқа шақыру», — дейді сауалнама қатысушысы

«Тек кәсіби емес, жеке қасиеттер де маңызды: компания құндылықтарын бөлісе ме, адал ма, қандай тәжірибесі бар», — дейді тағы бір сауалнама қатысушысы

«Бәрі лауазымға байланысты, бірақ сұхбат терең әрі құрылымды болуы керек, сонда ғана барлық кандидаттарға әділ қарай аламыз», — дейді және бір сауалнама қатысушысы. 

Қорытынды

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық жұмыс берушілер кәсіби дағдылармен қатар мотивация, икемділік пен дамуға деген ынтаны жоғары бағалайды. Тәжірибе маңызды болғанымен, әрдайым шешуші фактор бола бермейді. Soft skills пен корпоративтік мәдениетке сәйкестікке де жиі көңіл бөлінеді. Сондай-ақ жұмыс орнын жиі ауыстыратын үміткерлерге қатысты икемді көзқарас байқалады — бастысы, бұл шешімдердің негізді себептері болуы керек. Осылайша, қазіргі рекрутинг компания құндылықтары мен ұзақмерзімді әлеуетке бағытталған кешенді әрі бейімделгіш тәсілді талап етеді.