Есепті деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 2021 жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда 104,6% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі – 38,8%, қызметтердікі 52,7% құрады.

Ең үлкен өсім Ақпарат және байланыс – 115,7%, Көлік және қоймалау – 109,3% және Құрылыс – 108,6% салаларында байқалды.

ЖІӨ-нің нақты өсіміне ең жоғары үлесті Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласы қосты – 1,2 пайыздық тармақ (п.т.),  Өңдеу өнеркәсібі – 1 п.т. және Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 0,9 п.т.