Көлік саласы мен байланыс және ақпарат саласы қарқынды өсіп келеді

Көлік саласы мен байланыс және ақпарат саласы қарқынды өсіп келеді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі биыл бірінші жартыжылдықтағы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қорытындылары туралы хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты өсуі биыл қаңтар-мамырдағы 3,2%-пен салыстырғанда жеделдеуді көрсетіп, 3,3%-ті құрады. Динамиканың жақсаруы тауарлар өндірісінде де (3,5%-тен 3,6%-ке дейін), сондай-ақ қызмет көрсету секторында да (3,1%-тен 3,3%-ке дейін) байқалады.

Былтырмен салыстырғанда экономиканың өсу қарқынының баяулауы экономиканың едәуір секторларының дамуына, оның ішінде сауда, көлік, логистика және т.б. шектеуші әсер еткен 10 өңірдегі су тасқыны салдарының әсерімен, сондай-ақ мұнай өндірудің 1,6%-ке қысқаруымен байланысты.

ЖІӨ құрылымында экономика өсуінің басты факторларының бірі өнеркәсіптік өндіріс болып табылады, оның көлемі 2,8% ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу (5,1%) сақталуда, ол тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі (0,3%) өсуден едәуір озық қарқынмен өсіп келеді.

Өңдеу өнеркәсібінің салалары арасында машина жасау өндірісінің 9,4%, металлургияның 8,3%, химия өнеркәсібінің 5,3%, фармацевтикалық өнімнің 14,8% және жиһаз өндірісінің 28,3% өсуі қамтамасыз етілді. 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,7 трлн теңгені құрады және бес айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 проценттік тармаққа жеделдеп, 8,6% өсті.

Билл қаңтар-маусым айларында 4,6 млн шаршы метр көппәтерлі үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,9% жоғары.

Ауыл шаруашылығы маусымдық өсудің белсенді кезеңіне кірді. Ауыл шаруашылығында өнім өндіру 3,4% өсті, бұл ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдың көрсеткішінен 1,8 проценттік тармаққа жоғары

Көлік саласы мен ақпарат және байланыс секторын дамыту экономика өсуінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала беруде. Билл қаңтар-маусым айларында көлік және қоймалау қызметтері 7,3%, ақпарат және байланыс қызметтері 8,7% өсті.

Нақты сектордағы өсу сауда көлемінің өсуімен қатар жүруде. Ішкі сауда көлемі 3,9% ұлғайды және биыл қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,8 проценттік тармаққа жеделдеді.

Экономиканың шикізат емес салаларында инвестициялық белсенділік өсуде. Өңдеу өнеркәсібінде (9,4%), ақпарат және байланыста (2,4 есе), ғылыми және техникалық қызметте (58%), көлікте (33,7%), білім беруде (24,1%), қаржылық қызметте (22,1%) және жылжымайтын мүлікпен операцияларда (4,5%) негізгі капиталға инвестициялардың өсуі байқалады.

Бесінші ай қатарынан іскерлік белсенділік индексінің өсуі байқалуда, ол маусым айының қорытындысы бойынша 51,4-ті құрады.