Прокурордың актісі бойынша Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды.
«Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы 1952 жылы салынған (319 млн шаршы метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, демек мемлекет меншігінде болуы тиіс», — делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Кезінде бұл объектілер қала құраушы кәсіпорын «Kazakhmys Distribution» ЖШС балансына берілген.
Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы Су ресурстары министрінің атына ұсыну енгізді.
Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылды.
Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту жөнінде одан әрі шаралар қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.