2025 жылғы 28 сәуірде «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті. Жиында 2024 жылға арналған қаржылық есепті бекіту, дивидендтерді бөлу, акционерлер тізімін бекіту және дивидендтер төлеу мәселелері қаралды.
2024 жылы KEGOC-тың таза пайдасы 59,5 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 37,1% артты.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін бір жай акцияға есептелген дивидендтер көлемі – 82,40 теңге, ал екінші жартыжылдық үшін – 81 теңге болды. Осылайша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша таза пайданың 75,6%-ы, яғни 44,98 млрд теңге немесе бір жай акцияға 163,40 теңге дивиденд ретінде бөлінеді.