KEGOC 2024 жылы 59,5 млрд теңге таза пайда тапты

KEGOC 2024 жылы 59,5 млрд теңге таза пайда тапты

Қазақстандық электр желілерін басқару компаниясының (KEGOC) 2024 жылғы табысы 59,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылдың соңындағы көрсеткіштен 37,1% немесе 16,1 млрд теңгеге артық, делінген компания есебінде.

Таза пайда құрылымында негізгі рөлді тұтынушылармен жасалған келісімшарттар бойынша түсімдердің өсуі атқарды. Көрсеткіш 319,9 млрд теңгені құрап, бір жылмен салыстырғанда 67,8 млрд теңгеге немесе 26,9% өсті. Көрсетілген қызмет құны 25,8% немесе 46,9 млрд теңгеге өсіп, 228,3 млрд теңгеге жетті.

Көрсетілген қызметтердің құнын шегергендегі тұтынушылармен жасалған келісімшарттар бойынша кіріс «KEGOC» АҚ жалпы кірісін көрсетеді. Ол 91,7 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың соңындағы көрсеткіштен 20,9 млрд теңгеге немесе 29,6% артық. Сондай-ақ компанияның операциялық пайдасы 71,5 млрд теңгені құрады. Бір жылмен салыстырғанда құны 12,8 млрд теңгеге немесе 21,9% өсті.

Жыл ішінде «KEGOC» АҚ активтері 1,001 трлн теңгеден 1,097 трлн теңгеге дейін немесе 9,6% өсті. Кәсіпорын активтерінің өсуінде негізгі капиталдың 939,4 млрд теңгеге дейін ұлғаюы шешуші рөл атқарды. Көрсеткіш 69,3 млрд теңгеге немесе шамамен 8% өсті. Бұл ретте компанияның қарамағындағы активтері өткен жылдың басында 7,1 млрд теңгеге теріс бағаланды.

Компанияның міндеттемелері активтермен салыстырғанда бір жыл ішінде аздап өсті – 11,1 млрд теңгеге, 327,1 млрд теңгеге дейін. Сондай-ақ, 2024 жылға қысқа мерзімді міндеттемелер 1,6% немесе 612,3 млн теңгеге азайып, 37,9 млрд теңгені құрады.