Kcell Астана биржасына 70 млрд теңгенің облигациясын шығарады

Kcell Астана биржасына 70 млрд теңгенің облигациясын шығарады

Kcell AIX облигацияларын орналастыру арқылы 70 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр.

Мұндай шешімді 26 наурызда директорлар кеңесі қабылдады.

Облигацияның валютасы — теңге. Номиналы 100 млн. Айналым мерзімі — 7 жыл.

Компания облигациялық бағдарламаны орналастырудың басқа шарттарын жарияламады.