Каспий құбыр консорциумын дрондар атқылады

Каспий құбыр консорциумын дрондар атқылады

«2025 жылдың 17 ақпанында Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдау нысаны Кропоткинская мұнай айдау стансасына ұшқышсыз ұшу құрылғылары шабуыл жасады», — деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметі. Шабуылды «жарылғыш заттардан басқа металл соққы элементтерімен толтырылған» жеті ұшқышсыз ұшу құрылғылары жасаған. Шабуыл араға уақыт салып бірнеше рет жасалған.

«КҚК қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлері жедел, ұйымдасқан шаралардың арқасында мұнай төгілу қаупінің алдын алды. КҚК Бас директор Н.Н.Горбан бастаған басшылық залалды бағалау және станцияның жұмысын қалпына келтіруге кететін уақытты анықтау үшін оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта Кропоткинская мұнай айдау стансасы жұмыс істемейді. Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнайды тасымалдау мұнай айдау станциясын айналып өтіп, азайтылған», — делінген хабарламада.

ҚР Энергетика министрлігі оқиғаға қатысты: «Қазақстан мұнайына КҚК тарапынан ешқандай шектеулер жоқ, жұмыс қалыпты режимде жүргізілуде», — деп түсіндірді.

Кубаньның Кавказ ауданында орналасқан Кропоткинская мұнай айдау станциясы Ресейдегі ең ірі КҚК мұнай айдау станциясы.

КҚК құбыр жүйесі ТМД елдеріндегі энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырымды құрайды. Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы осы құбырмен тасымалданады, сонымен қатар ресейлік кен орындарының шикізаты, соның ішінде Каспий теңізінде орналасқан өндіріс орындары осы құбыр арқылы экспортқа шығады.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы — 24%, MC CPC Company (ЖШС) — 7%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ — 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%, Lukoil International GmbH — 12.5%, Caspian pian Ventures Limited — 7,5%, BG Overseas Holdings Limited — 2%, Eni International N.A. Н.В. С.ар.л. — 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC — 1,75%.