Kaspi.kz акционерлерінің бірі Вячеслав Ким Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алуға өтінім бергенін растады.
Оның айтуынша, реттеуші өтінішті қарастырғаннан кейін шешім қабылдайды.
«Мен бұл келісімнің Kaspi.kz компаниясына еш қатысы жоқ екенін атап өткім келеді», - деді Ким.
Бірнеше күн бұрын, 11 ақпанда ҚНРДА Вячеслав Кимнің Jusan Bank-ті сатып алмақшы болғаны туралы нақты ақпарат жариялағанымен, нақты саиып алары немесе сатып алмасы туралы ештеңе айтпаған. Агенттік тараптар арасындағы мәмілені коммерциялық құпия деген. Агенттік сондай-ақ, ешбір тұлғаның өз бетінше немесе басқа тұлғамен бірлесіп банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін оның алдын ала жазбаша келісімінсіз алуға құқығы жоқ, ол агенттік сайтында ықтимал өтініш берілген күннен бастап 50 күн ішінде жарияланатынын жазған.
KASE мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Вячеслав Ким Kaspi.kz-тің 20,39% акциясына ие, оның финтех холдингіндегі үлесі 22,27%-ға жетті.
Jusan Bank Ғалымжан Есеновке тиесілі: ол KASE мәліметінше, банктің 19,67% акциясына тікелей иелік етеді және First Heartland Securities арқылы банктің 77,86% акциясына иелік етеді.
Банк 2019 жылдың ақпанында First Heartland Securities сатып алған Цеснабанк негізінде құрылды.