Kaspi.kz 2024 жылы акционерлеріне дивиденд төлемейді. Мұндай шешім компания акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданды.
«2024 жылы бұрын төленген тоқсан сайынғы дивидендтерді ескере отырып, «Kaspi.kz» АҚ-ның 2024 жылға арналған жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін», — делінген компания хабарламасында.
Әдетте Kaspi.kz акционерлерге жылына төрт рет дивиденд төлейді: үш тоқсан және жыл соңында. 2024 жылы компания үш рет дивиденд төледі – бірінші, екінші және үшінші тоқсандарға акция басынп 850 теңгеден.
20F 2024 нысанындағы есепте компания басқарманың дивидендтен бас тарту туралы ұсынысы бірқатар факторларға, соның ішінде жаңа бизнес бастамаларды қаржыландыруға, қосымша нарықтық мүмкіндіктерге ұмтылуға және күрделі шығындарға байланысты болуы мүмкін екенін жазды.
2025 жылдың 29 қаңтарында Kaspi.kz 1,1 млрд долларға түкіктің Hepsiburada онлайн дүкенінің 65,41% акциясын сатып алды.
Ал биыл 27 наурызда Kaspi.kz голландиялық Rabobank тобына жататын түріктің Rabobank A.Ş банкін сатып алатынын хабарлады. Мәміле қажетті реттеуші рұқсаттарды алғаннан кейін аяқталады деп күтілуде. Мәміленің құны мен Kaspi.kz алатын үлес белгісіз.