Ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында Сауда қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2025 жылғы 18 қаңтарда картоп экспортын 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылдады. Бірақ бұл ЕАЭО елдеріне қатысты емес.
Мұндай шешім ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сауда министрлігі тұрақты жүргізетін еліміздің картоп нарығына жүргізілген мониторинг нәтижелері негізінде қабылданды.
2024 жылы картоптың жалпы түсімі 2,9 млн тоннаны құрады (оның ішінде ерте өнім – 300 мың тонна).
Талдау биыл картопқа көршілес елдерден, әсіресе Өзбекстаннан сұраныс артқанын көрсетті. Шетелге картоп жеткізу көлемі өткен маусымдағы 411 мың тоннамен салыстырғанда 2024 жылдың соңына қарай 605 мың тоннаны құрады (өсім 1,5 есе).
Экспорттық баға қазақстандық фермерлер үшін тартымды; бұл ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әкелді: соңғы аптада баға тоннасына 170 мың теңгеден 270 мың теңгеге дейін көтерілді.
ЕАЭО елдеріне жеткізу қадағаланатын болады, бірақ әзірге (16 қаңтардан бастап) бұл жеткізілімдерге де экспорттық фитосанитариялық сертификаттар беру тоқтатылды.
Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда қолда бар резервтер 2025 жылдың ерте егін жинау кезеңіне дейін ішкі сұранысты толығымен жабуға жеткілікті. 19 қаңтардағы жағдай бойынша қор 850 мың тоннадан асады (картоп өсірушілер қауымдастығының кәсіпорындарында 600 мың тонна, облыстық тұрақтандыру қорларында 68 мың тонна, жеке шаруашылықтар мен шағын қожалықтардағы жертөлелерде 200 мың тоннадан астам).
Сауда желілерінде де белгілі бір картоп қоры бар.