Биыл I тоқсанда жылыжайда өсірілген қызанақ пен қиярдың жалпы өнімі тиісінше 33 600 тонна және 25 500 тоннаны құрады. Статистика бюросының мәліметінше, бір жылда қызанақ өнімі 3 есе, ал қияр өнімі 2,1 еге өсті.
Былтыр жылыжайдағы дақыл өнімі жалпы өнімнің 14%-ын құрады. Қызанақ пен қияр негізінен жылыжайларда өсіріледі және бұл екеуі жалпы жылыжай өнімінің 95%-дан астамын құрайды.