Жыл басынан бері банктер 1,38 трлн теңге таза пайда тапты

Жыл басынан бері банктер 1,38 трлн теңге таза пайда тапты

Шілде айының соңында қазақстандық банктердің жалпы таза пайдасы Ұлттық банктің статистикасына сәйкес 1,38 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 20%, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% жоғары. Жалпы, қазақстандық банктер шілде айында 232,1 млрд теңге табыс тапты.

Келесі банктер 2024 жылдың жеті айында ең жоғары табыс тапты:

  • Halyk Bank – 444,1 млрд теңге (бір айда +19,3%);
  • Kaspi Bank – 281,9 млрд теңге (+20,1%);
  • ЦентрКредит Банкі – 101,7 млрд теңге (+20,6%);
  • ForteBank – 89 млрд теңге (+21%);
  • Jusan Bank – 83,7 млрд теңге (+18,1%).

Сондай-ақ жоғары пайданы Отбасы Банк (74,1 млрд теңге, бір айда +20%), тек корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін Ситибанк Қазақстан (61 млрд теңге, +19,4%), Еуразиялық банк (60,6 млрд теңге, +15,2%) тапты.

Жылдық көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, банк пайдасы былай өсті:

  • Halyk Bank – 13%, 393,3 млрд теңгеден;
  • Kaspi Bank – 6,6%, 264,3 млрд теңгеден;
  • ЦентрКредит Банкі – 42,4%, 71,4 млрд теңгеден;
  • ForteBank – 65,1%, 53,9 млрд теңгеден;
  • Jusan Bank – 22,7%, 68,2 млрд теңгеден.

Отбасы банкте таза пайда бір жылда 23% – 96,4 млрд теңгеден, Еуразиялық банкте – 11%, 68,2 млрд теңгеден, Ситибанк Қазақстанда – 10,4%, 68,1 млрд теңгеден төмендеді.

Қазіргі уақытта катарлық Lesha Bank инвестициялық банкіне сатылу сатысында тұрған Bereke Bank бір жылдағы табысын 68,6% – 8,6 млрд теңгеден 14,5 млрд теңгеге дейін өсірді.