Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы наурызда 34,3 трлн теңгеге дейін 1,5% ұлғайды (2025 жылдың басынан 1,7% өсім).
Экономикаға берілген кредиттердің құрылымында 2025 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша ұлттық валютада берілген кредиттер 1,4%, 31,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 2,1%, 2,7 трлн теңгеге дейін, оның ішінде теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамының әлсіреуі нәтижесінде қайта бағалау салдарынан ұлғайды.
Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы наурызда негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 2,1%, 5,0 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 1,8%, 12,9 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан 1,0% төмендеді).
Олардың бизнеске несие құрылымында ірі бизнеске қарыздар 10,5%, 5,0 трлн теңгеге, ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар осы санаттар арасында банктердің бірінің қарыздарын қайта жіктеу нәтижесінде 5,4%, 5,6 трлн теңгеге дейін төмендеді. Дара кәсіпкерлерге берілген кредиттер 3,1%, 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Салалар бөлінісінде 2025 жылғы наурызда ауыл шаруашылығын қоспағанда, бизнеске кредиттердің өсуі жоспарлы өтеулер себебінен іс жүзінде барлығы дерлік салаларда байқалады.
Өнеркәсіпте кредиттер 0,8%, 4,3 трлн теңгеге дейін, саудада 2,8%, 3,5 трлн теңгеге дейін, көлікте 1,7%, 0,9 трлн теңгеге дейін, ақпарат және байланыс – 10,5%, 0,2 трлн теңгеге дейін, құрылыста 0,8%, 0,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2025 жылғы наурызда бизнес субъектілеріне 1,4 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2024 жылғы наурызбен салыстырғанда 7,5% артық. 2025 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша бизнеске жаңа кредиттер беру көлемі 3,9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде сақталды.
2025 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі, негізінен, ірі бизнеске берілген қарыздар бойынша мөлшерлеменің 17,7%-дан 18,6%-ға дейін өсуі нәтижесінде бір ай бұрынғы 20,9%-дан 21,6%-ға дейін ұлғайды.