Jusan Bank жеке тұлғаларға қызмет көрсетуді тоқтатады

Jusan Bank жеке тұлғаларға қызмет көрсетуді тоқтатады

«Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының  «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына сәйкес, банк клиенттің банктік шотында бір жылдам астам ақша болмаған жағдайда, сондай-ақ клиенттің банктік шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысы болмаған жағдайда (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді қоспағанда) банктік шот шартын орындаудан бас тартуға құқылы екеніне назар аударады. Бұл туралы банктің ресми сайтында жарияланған.

«Жоғарыда мазмұндалған ақпаратты назарға ала отырып, осы арқылы банк сіздерге 01.03.2025 ж. бастап (2025ж. наурыз айының ішінде) жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартын («Jusan Bank» АҚ-та 2019 жылғы 29 сәуірден бастап ашылған ағымдағы шоттар шеңберінде), жеке тұлғамен жасалған банктік шот шартын және жеке тұлғамен жасалатын ағымдағы шотты ашу және төлем картасын шығару туралы шартты («АТФБанк» АҚ-та 2014 жылғы сәуірден бастап ашылған ағымдағы шоттар шеңберінде) ағымдағы шотқа (оның ішінде төлем картасын пайдаланатын ағымдағы шоттарға) қызмет көрсету бөлігінде біржақты тәртіпте бұзу туралы, сондай-ақ бір жылдам астам уақыт бойы қаражат болмаған және шот бойынша қозғалыс болмаған ағымдағы шоттарды (оның ішінде төлем карточкасын пайдаланатын ағымдағы шоттарды) жабу туралы хабарлайды», — делінген хадарламада.