Jusan Bank басшылығына «Kaspi акционерінің адамы» келді

Jusan Bank басшылығына «Kaspi акционерінің адамы» келді

Añsa қорын басқаратын Қанат Сағынаев Jusan Bank директорлар кеңесінің құрамына енді, деп хабарлайды KASE.

Бұл қордың негізін қалаушысы Kaspi.kz акционері Вячеслав Ким. Жаңартылған директлрлар кеңесінің құрамына Қуат Қожахметов, Жарқынбек Азбеков, Саида Жарболова және Гүлмира Жұмадиллаева да кірді.

Еске салайық, ақпан айынан бері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Вячеслав Кимнің Jusan Bank-ті сатып алу туралы өтінішін қарастырып жатыр. Өткен аптада реттеуші бұл процедураны екі айға ұзартқанын айтты.