Журналистер арасында бәсеке күшейді, бірақ жалақы сол қалпы

Журналистер арасында бәсеке күшейді, бірақ жалақы сол қалпы

Headhunter Kazakhstan командасы БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында 2025 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығындағы «Журналист, тілші» мамандығы бойынша еңбек нарығына талдау дайындады. Төменде Қазақстан өңірлері бойынша медианалық жалақы, жұмыс іздеушілермен жұмыс берушілердің белсенділігі, сондай-ақ аталған мамандықтағы бәсекелестік деңгейі туралы деректер берілген. 

Түйіндеме: hh.kz платформасындағы журналистердің динамикасы мен медианалық жалақысы

2025 жылы журналистер мен тілшілердің түйіндемелері бойынша медианалық жалақы 300 010 теңгені құрады, 2024 жылдың осы кезеңімен (қаңтар–мамыр) салыстырғанда түйіндеме саны 10,9%-ға артты. Бұл кәсіби ортадағы жоғары бәсекелестік жағдайында жұмыс іздеушілердіңжалақыға деген үміттерінің артқанын көрсетеді.

hh.kz платформасында жұмыс іздеушілер ең көп түйіндеме жариялайтын Қазақстан қалалары

Алматы мен Астана жұмыс іздеушілер белсенділігінің негізгі орталықтары болып қалып отыр – аталған санаттағы түйіндемелердің 80%-дан астамы осы екі қалаға тиесілі.Сонымен қатар Қарағанды (37,3%), Өскемен (34,6%) және Ақтөбе (24,1%) қалаларында мамандыққа қызығушылықтың айтарлықтай артқаны байқалады. Түйіндеме санының төмендеуі Шымкентте (–11,3%) және Оралда (–9,1%) байқалады.

Вакансиялар: hh.kz платформасындағы журналистер бойынша динамика мен медианалық жалақы

2025 жылдың алғашқы бес айында жұмыс берушілер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда БАҚ саласында 9%-ға көп вакансия жариялады. Алайда жалақы деңгейі өзгеріссіз қалды — 300 000 теңге, бұл редакциялардың бюджет үнемдеуін немесе көпшілікке арналған лауазымдар бойынша жалақы мөлшерінің тұрақтылығын көрсетуі мүмкін.

hh.kz платформасында жұмыс берушілер ең көп вакансия жариялайтын Қазақстан қалалары

Алматы жұмыс берушілердің басты орталығы болып қала береді: вакансиялардың жартысына жуығы дәл осы қалада жарияланады, ал жалақы деңгейі ел бойынша ең жоғары – 450 000 теңге. Алайда қаладағы вакансия саны сәл төмендеді (–4,7%). Астанада вакансиялар белсенділігі 38,9%-ға артты, Қарағанды (133,3%) мен Қостанайда (300,0%) бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті – бұл өңірлік деңгейде журналистерге деген сұраныстың артқанын білдіреді.

Журналистер арасындағы бәсекелестік деңгейі әлі де өте жоғары: бір вакансияға орта есеппен 22,9 түйіндеме келеді.

Индекстің 12-ден жоғары көрсеткіші — жұмыс іздеушілер арасындағы бәсекелестіктің өте жоғары деңгейін білдіреді.