Жұмысшы мамандықтар қаншалықты сұранысқа ие?

Жұмысшы мамандықтар қаншалықты сұранысқа ие?

Іскерлік әлемде көк және ақ түстер екі түрлі мансап жолының нышаны болып, «көк жағалылар» мен «ақ жағалылар» еңбекке деген түрлі көзқарастардың белгісі ретінде орныққан. Қазақстанның еңбек нарығындағы қазіргі жағдайына көз жүгіртіп, жұмысшы мамандықтардың бүгінгі таңда қаншалықты сұранысқа ие екенін HeadHunter Орталық Азия қызметі зерттеп көрді.

«Көк жағалылар» термині нені білдіреді?

«Жағалылар» термині қызметкерлердің әртүрлі санаттарын сипаттау үшін қолданылады: «ақ жағалылар» — кеңсе қызметкерлері, ал «көк жағалылар» — қол еңбегімен айналысатын жұмысшылар. Қазіргі уақытта олардың арасындағы шекаралар айтарлықтай жойылып бара жатса да, бұл екі санат қазіргі мамандықтар классификациясының негізін құрайды, ал олардың тарихы XX ғасырдың басынан бастау алады.

Жұмысшы мамандықтағы қызметкерлер экономикада маңызды рөл атқарады: олар технологияларды енгізіп, процестерді автоматтандырады және «ақ жағалылар» әзірлеген идеяларды жүзеге асырады. Олардың қатысуынсыз ешбір сала тұрақты жұмыс істей алмайды. Біз «ақ» және «көк» жағалылардың үйлесімді өзара әрекеттесуі кез келген ұйымның табысты болуының маңызды шарты деп есептейміз.

Қазіргі заманда көк жағалылар — бұл нақты нұсқаулар мен стандарттар бойынша жұмыс істейтін, операциялық және қолданбалы еңбекке бейім қызметкерлер, олардың қызметі физикалық еңбекпен байланысты болмауы да мүмкін. Бұл санатқа өндірістегі жұмысшылардан басқа, колл-орталық операторлары, сауда өкілдері, курьерлер мен кассирлер де кіреді, себебі олардың қызметі төмен білім деңгейін, қызметкерлердің көптеп тартылуын және нақты бекітілген міндеттерді орындауды қажет етеді.

* Медианалық жалақы орташа жалақыға қарағанда объективті көрсеткіш, себебі ол экстремалды мәндерден (өте жоғары немесе өте төмен жалақылардан) туындайтын деректердің бұрмалануын болдырмайды және нақты орталық мәнді көрсетеді.

Жұмыс берушілер сатушы-кеңесшілер мен жүргізушілерді белсенді іздейді, сонымен қатар аспаздар мен әртүрлі жұмыстағы адамдарға сұраныс айтарлықтай өскен. Сондай-ақ, жүргізушілер мен сауда өкілдерінің жоғары медианалық жалақыларын атап өткен жөн.

Ораушылар мен әртүрлі жұмыстағы адамдардың түйіндеме санының күрт өсуі (тиісінше 489,8% және 358,8%) сұраныс аясында ұсыныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Сатушыларға деген сұраныс артқанымен, олар бойынша түйіндеме санының азаюы саладағы бәсекелестіктің төмендеуінің белгісі болуы мүмкін.

Еңбек нарығында жұмысшы мамандықтар арасындағы бәсекелестік

Түйіндеме мен вакансиялар санының қатынасын көрсететін бәсекелестік индексі 9-ды құрады. Бұл орташа алғанда бір вакансияға тоғыз адам үміт артады дегенді білдіреді. Жыл ішінде бәсекелестік 29% артты.

Жұмыс орындарына бәсекелестік көптеген өңірлер мен салаларда өсті. Әсіресе әскери қызметшілер, полиция қызметкерлері және автожуушылар саласында көрсеткіштер өте жоғары.


Индекс мәндері:

1.9-дан аз немесе тең — жұмыс іздеушілердің өткір тапшылығы

2.0–3.9 — жұмыс іздеушілердің тапшылығы

4.0–7.9 — жұмыс орындарына бәсекелестіктің қалыпты деңгейі, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы дұрыс қатынас

8.0–11.9 — жұмыс берушілердің жұмыс орындарына, нарығына жұмыс іздеушілердің жоғары бәсекелестігі

12 немесе одан жоғары — жұмыс орындарына жұмыс іздеушілер арасындағы өте жоғары бәсекелестік