Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жалпы несие портфелі 1 қаңтарда 29,6 трлн теңгеге жетті. Жылдық динамика — шамамен +20%.
Жеке кәсіпкерлердің несие портфелі қарқынды түрде өскен. Көлемі 3,5 трлн теңгеге дейін (бір жылда +37,2%) артса, келісімшарттар саны 840,4 мың бірлікке жетіп отыр (бір жылда +20,4%).
Жеке кәсіпкерлерге несиенің берілуі, сомасы бойынша қарасақ, ол да артқан (1,9 трлн теңгеге дейін, +9,2%). Алайда келісімшарттар мен қарыз алушылар саны азайған. Біріншісінің көрсеткіші 14,8% азайып, 411,7 мың бірлікті құраса, екіншісінікі 6,2% төмендеп, 306,8 мың бірлікті құрап отыр. 2024 жылдағы орташа көрсеткіш, сәйкесінше, 2023 жылға қарағанда жоғары болды.
Шағын заңды тұлғалардың портфелі де өсіп келеді, бірақ ЖК-ге қарағанда бәсеңірек: 2025 жылдың 1 қаңтарында сомасы 15 трлн, ал бір жылдағы динамикасы 18,1% болды. Келісімшарттар саны 12,4% артып, 144,3 мың бірлікке жетті.
Шағын кәсіпорындарға несиенің берілу көлемі 2024 жылы 8,4 трлн теңгеге жетіп отыр, 2023 жылдағы деңгейден 15,4% жоғары. Рәсімделген келісімшарттар саны 110,8 мың бірлікті құрады (+10,8%), бірақ несие алған қарыз алушылар саны аздап төмендеп, 18,1 мың бірлік болды (-2,4%).
Орта бизнес сегментіндегі портфель өсімі бәсеңдеу — 5,4%. Қалған қарыздың қазіргі көлемі – 2,4 трлн теңге. Бұл сома 1,2 мың субъектінің 18,8 мың келісімшартына тиесілі.
Орта кәсіпорындарға несиенің берілуі 2023 жылға қарағанда бірден 25,7% жоғары болып, 2,9 трлн теңгеге жеткен. Атап айтсақ, несиенің берілу сомасының келісімшарттар мен (+10,9%, 22,4 мың бірлікке дейін) қарыз алушылар санының (+6,7% немесе 61 бірлік) біршама баяу өсуіне қарамастан, белсенді түрде артқаны байқалып отыр.
Ірі кәсіпорындарға келетін болсақ, қалған қарыз сомасы 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 7,1 трлн теңгені құрады. Жылдық өсім – 21,1%. Келісімшарттар мен (14,4 мың бірлікке дейін) қарыз алушылар санының (568 бірлік) бәсең түрде, шамамен 3% ғана, өскеніне қарамастан осы көрсеткішке жеткен.
Ірі кәсіпорындарған несиенің берілуі айтарлықтай өскен: 2023 жылға қарағанда +25,5%, 6,4 трлн теңгеге дейін. Келісімшарттар саны мен өткен жылы несие рәсімдеген қарыз алушылар санының өсімі мұнда да аса көп емес — 3,9% және 4,4% өскен, сәйкесінше, 13,9 мың және 450 бірлік.