ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, бір жыл ішінде инфляция 8,4% құраған. Ақылы қызмет көрсету бағалары 13,3%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 8%, азық-түлік тауарларының бағасы – 5,4% өскен.

Жаңажылдық дастархан құны
Мамандар қазақстандық онлайн-дүкендеріндегі (Arbuz.kz, Airbafresh.kz, Magnum.kz, Optoffka.kz, Carefood.kz және т.б.) ең кең тараған тауарлар бағасын зерттеді. Жаңажылдық науқан бағаларын және арнайы промо-кодтарын ескергенде, азық-түлікті интернет арқылы үйге жеткізу тапсырыс берген кездегі жаңа жылдық дастархан бағасы шамамен 20 000 – 30 000 теңгеге түседі.

Жаңажылдық ойын-сауық құны
Талдаушылар билет сату бойынша онлайн сервис көрсететін кассаларының, сондай-ақ, таушаңғы курорттары мен еліміздегі туристік компанияларының ұсыныстарын зерттеді. Зерттеу барысында анықталғаны, коньки, шаңғы, сноуборд тебу құны өткен жылмен салыстырғанда, шамалы өзгерген - 8% және 11% Талдаушылардың мәліметтері бойынша, кино билеттерінің бағасы қымбаттаған — 27%, отандық және шетел әртістерінің концерттеріне – 21%.

2024 жылғы желтоқсанда шетелде демалу
Қазақстандық турфирмаларының сайттарында ыстық ұсыныстар бойынша жүргізілген мониторингке сәйкес, 3-4 жұлдызды отельдерде бір апта тұру қазақстандықтар үшін ең бюджетті демалыс Египет және Гоа – 320 000 және 340 000 теңге. Бұл бағыттың бағалары өткен жылмен салыстырғанда, 27% және 24% төмендеген. Ең қымбат демалыс, бұрынғыша Бали және Мальдивы аралдарында – 750 000 және 1 300 000 теңге. Мальдивы аралдарына бару бағасы бір жыл ішінде өте қымбаттаған – 30%. Жаңа жылдық турлардың ең төмен бағасы — Шри-Ланка және Вьетнамда – 44% - 40%.

Естеріңізге саламыз, көптеген турлар құнына кіретіні: ұшып-қону, трансфер, мекендеу, виза (кейбір бағыттарға талап етілмейді), міндетті туристік сақтандыру.
Егер қазақстандықтар жеке саяхаттауды жосапарласа, туристік компаниясыз, онда шетелге шығатын туристерді міндетті сақтандыру онлайн-полисі бөлек ресімделеді. Полис шұғыл медициналық көмек беруді, шұғыл стоматологиялық қызмет көрсету шығындарын, медициналық тасымалдауды, үшінші тұлғаларды тасымалдау шығындарын (қажетіне қарай), қамтиды. Егер қамту туралы айтатын болсақ, Freedom Travel бағдарламасы бойынша, сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру төлемінің сомасы 10 мыңнан 100 мың евроға дейін құрауы мүмкін, бұл таңдаған ережелерге және мекендеу еліне тәуелді. Полис құны әр турист бойынша дербес есептеледі және келесі факторларға байланысты: мекендеу елі, күндер саны, бағыты және т.б.
Ескерілетіні, Freedom Life зерттеулері арқылы анықталған цифрлары жалпылама және әрбір ересек адамның жеке шығындары келесі факторларға байланысты болуы мүмкін: жасы, әлеуметтік мәртебесі, отбасы мүшесінің саны, тұрғылықты жері, өмір деңгейі және жалақысына тәуелді.