Жаңа үйлер қымбаттады, қайталама нарық арзандап келеді

Жаңа үйлер қымбаттады, қайталама нарық арзандап келеді

Қазан айының соңында Қазақстанда жалға алу және жаңа ғимараттардың бағасы аздап өсті, ал қайталама нарықта тоқырау жалғасуда, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы:

  • жаңа тұрғын үй бағасы қыркүйекпен салыстырғанда 0,6% және бір жылмен салыстырғанда 2,3% өсіп, 1 шаршы метрге 497,3 мың теңгені құрады;
  • жалдау қыркүйекпен салыстырғанда +0,6% және жылдық +6,7%, 1 шаршы метр үшін 4,5 мың теңгеге дейін қымьаттады;
  • қайталама тұрғын үй қыркүйекпен салыстырғанда 0,4% арзандады (жылдық көрсеткішпен салыстырғанда +3,9%), орташа баға 1 шаршы метрге 509,4 мың теңгені құрады.

2022 жылдың қаңтары мен 2024 жылдың қазан айында:

  • бастапқы тұрғын үй +20,2%;
  • қайталама тұрғын үй +17,5%;
  • жалдамалы тұрғын үй +47,8% қымбаттады.