Ұттық статистика бюросының мәліметінше, шілдеде жаңа тұрғын үйлердің бағасы былтырғы жылдың осы айымен салыстырғанда 9,6% өсті. Ал қайталама нарықтағы тұрғын үйдің құны 7,3% қымбаттаған.
Жаңа тұрғын үйлер
Шілде айында жаңа үйлердің ел бойынша орташа бағасы бір шаршы метріне 528,5 мың теңгені құрады. Ең қымбат қалалар әдеттегідей:
- Алматы — 647,7 мың теңге/ш.м
- Астана — 595,5 мың теңге/ш.м
- Атырау — 512,2 мың теңге/ш.м.
Жылдық өсім бойынша ең жоғары қарқын:
- Павлодарда — +25,8% (451 мың теңге/ш.м.)
- Алматы — +15,3%
- Қызылордада — +15,3% (386 мың теңге/ш.м.)
Маусыммен салыстырғанда шілде айында жаңа үйлердің бағасы 0,2% ғана өсті. Көптеген ірі қалаларда айлық өзгерістер байқалмаған.
Қайталама нарықтағы тұрғын үй
Қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы:
- Жылдық өсім — +7,3%
- Айлық өсім — +0,9%
- Орташа баға — 551,9 мың теңге/ш.м.
Қайталама нарық ең қымбат өңірлер:
- Алматы — +1% (688,6 мың теңге/ш.м.)
- Астана — +1,5% (652 мың теңге/ш.м.)
- Атырау — 485,5 мың теңге/ш.м.
Жыл ішінде ең үлкен өсім:
- Ақтөбе — +19% (343,1 мың теңге/ш.м.)
- Павлодар — +15,8% (423 мың теңге/ш.м.)
- Алматы — +14,4%
Өскеменде ғана баға төмендеген — -1,4% (375,9 мың теңге/ш.м.)
Айлық өсім бойынша көшбасшылар:
- Талдықорған — +5,7% (393 мың теңге/ш.м.)
- Түркістан — +5,6% (362 мың теңге/ш.м.)
- Петропавл — +3,2% (414 мың теңге/ш.м.)
Бағаның төмендеуі:
- Қызылорда — −2,2% (313,6 мың теңге/ш.м.)
- Шымкент — −2,4% (428 мың теңге/ш.м.)
Пәтер жалдау бағасы
- Жылдық өсім — +8,2%
- Айлық өсім — +0,8%
- Орташа жалдау ақысы — 4,5 мың теңге/ш.м.
Алматыда +0,5% өсіп, 5,3 мың теңге/ш.м.
Астанада +1% өсіп, 5 мың теңге/ш.м.
Жылдық өсім бойынша:
- Ақтөбе — +32% (3 мың теңге/ш.м.)
- Семей — +23,2% (3,5 мың теңге/ш.м.)
- Көкшетау — +21,6% (3,3 мың теңге/ш.м.)