Қазақстандағы жаңа үйлер бір жылда 15,6% қымбаттады. Егер 2024 жылдың ақпан айында республика бойынша тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа құны 405,4 мың теңге болса, биыл 468,8 мың теңгені құрап отыр. Бұл туралы Applied Economics Research Centre сарапшылары хабарлады.
Ақпан айында елде шаршы метрдің орташа құны 2,2% өсті. Ең көп айлық өсім Алматы қаласында тіркелді, баға 5,3%– 687,3 мыңнан 723,5 мың теңгеге дейін өсті. Алматыда жылдық көрсеткіште баға 21,5% өсті.
Астанада да баға өсуді жалғастырды, бірақ азырақ қарқынмен. Елордада тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны бір айда 1,2%– 446,5 мыңнан 452,1 мың теңгеге дейін өсті. Бір жыл ішінде Астанадағы жаңа үйлер 2024 жылғы ақпандағы 407,8 мың теңгеден 10,9% қымбаттады.
Тұрғын үй бағасы ең жоғары «Элит» санатында 6,7% өсті. «Эконом», «Бизнес» және «Комфорт» санатында өсім азырақ байқалды: тиісінше 2,3%, 1,9% және 0,7%.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бір жылмен салыстырғанда 27,7% азайды. Құрылыс бағасы ақпан айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% және бір айда 0,4% өсті.