Қазақстанда жеңіл автокөліктер ЕАЭО елдері арасында ең жоғары қарқынмен қымбаттап жатыр. 2025 жылғы маусымда Қазақстанда көліктердің бағасы бір жылда 11,6% өсті, ал одақ елдері бойынша орташа өсім 2,2% ғана болды, деп хабарлайды ЕЭК.
Сонымен қатар, Армения мен Беларусьта жеңіл көліктердің бағасы бір жыл ішінде төмендеген, Қырғызстанда – 0,2%, ал Ресейде – 1,4% ғана өсті. Егер жартыжылдық көрсеткіштерді (қаңтар–маусым 2024 пен қаңтар–маусым 2025) салыстырсақ, көліктер тек Қазақстан мен Ресейде ғана қымбаттаған: Қазақстанда +9,3%, Ресейде — +2,8%.
Бұл ретте ҚР ҰЭМ СЖРА Ұлттық статистика бюросының егжей-тегжейлі деректері жаңа автокөліктер сегменті ғана (маусым қорытындысы бойынша жылдық өсім +21,3%) бағаның өсуіне әсер еткенін көрсетеді, ал қолданыста болған көліктер, ресми деректерге сәйкес, арзандаған.