Жанармай акцизі өзгереді: қосымша табыстың 80%-ы бюджетке аударылады

Жанармай акцизі өзгереді: қосымша табыстың 80%-ы бюджетке аударылады

Ұлттық экономика министрлігі «Бензинге (авиациялық отыннан басқа), дизель отынына, газолға, бензанолға, нафрасқа, жеңіл көмірсутектердің қоспасына және эко-отынға акциз мөлшерлемесін бекіту туралы» 2018 жылғы Үкімет қаулысына өзгеріс енгізуді көздейтін қаулы жобасын әзірледі.

Ведомствоның баспасөз қызметі түсіндіргендей, бұл өзгерістер отын өндірушілер мен сатушылардың қосымша табвсының 80%-ын бюджетке бағыттау үшін бензин мен дизель отынына қосымша акциз мөлшерлемесін белгілеуді көздейді. Олар мұны жанармай бағасын мемлекеттік реттеуді алып тастауға байланысты жоспарлап отыр.

«Бұл шара жанармай сатудан түсетін қосымша кірістің 80%-ын бюджетке қайта бөлуге мүмкіндік береді. Оның үстіне қосымша акциз бағасы ағымдағы деңгейден көтерілген кезде ғана пайда болады», — деп түсіндірді ведомствода.