2024 жылы Қазақстандағы дүкендер саны 16% өсіп, 175 мыңға жетті, деп жазады INFOLine Eurasia. 

Ең қарқынды өсім Алматы (+15%, немесе 33 мыңнан астам дүкен) және Астанада (+17%, 23,9 мыңнан астам) тіркелді. 

Мың адамға шаққанда ең көп дүкен Ақтауда (27,2) тіркелді.

Одан кейін Оралда (19) және Атырауда (18,1).

Семей, Астана мен Өскеменде тиісінше 17,7; 17,1 және 17.

Одан кейінгі орындар былай: Алматы (15,4), Тараз (14,3), Шымкент (14,2), Ақтөбе (13,6), Павлодар (11,9).

Мың адамға шаққанда дүкен ең аз қала Қарағанды (8,9) және Павлодар (7,6).