ITS биржасындағы сауда наурызда 1 млрд доллардан асты

ITS биржасындағы сауда наурызда 1 млрд доллардан асты

2025 жылғы наурыз айында ITS халықаралық сауда алаңындағы бағалы қағаздар сауда-саттығының көлемі өсе берді де, айдың қорытындысы бойынша рекордтық 1,31 млрд долларға жетті, бұл алдыңғы айдағы сауда-саттық көлемінен (806 млн доллар) 63% артық.

Наурыз айында сауда-саттық көлемінің өсуі белсенді инвесторлар санының айтарлықтай артуына байланысты: жыл басынан бері Астана Халықаралық Қаржы Орталығының юрисдикциясында операцияларын жүзеге асыратын ITS алаңындағы инвесторлардың саны 27 мыңға көбейген.

«Наурыз айында 1 млрд доллар деңгейіндегі психологиялық белгіден асқан сауда-саттықтың рекордтық көлемі — Қазақстанның қаржы нарығының әлемдік сахнасындағы позициясын нығайтуға және Орталық Азия мен Күнгей Кавказдағы инвесторларға халықаралық қаржы құралдарына қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған ITS стратегиясының нәтижесі, – деді ITS CEO Шыңғыс Қанапиянов, — Көріп отырғанымыздай, ITS трансшекаралық бизнестің дамуына және ұлттық қаржы нарығы өтімділігінің артуына ықпал етіп, АХҚО экожүйесінің негізгі элементіне айналып отыр. Біз инвестицияларды баршаға қолжетімді етуге күш-жігер салып, аса ірі халықаралық компаниялардың акцияларынан бастап инновациялық ETF дейін құралдардың кең ауқымын ұсынамыз».

ITS алаңындағы сауда-саттық көлемінің артуына ETF қорлары сияқты жаңа құралдарға, атап айтқанда, ITS меншікті индекстеріне сұраныстың артуы да өз үлесін қосып жатыр.

Наурыз айының аяғында ITS-гі инвесторлардың бастапқы листингі Американың NYSE және NASDAQ биржаларында, сондай-ақ AIX алаңында іске асырылған АҚШ, Еуропа мен Азия компаниялары мен ETF-тің 3000-нан астам акциясы мен депозитарлық қолхатына қол жеткізуге мүмкіндігі болды.