ITS алаңындағы сауда тәуліктік рекорд жаңартты

ITS алаңындағы сауда тәуліктік рекорд жаңартты

2024 жылдың 20 желтоқсанында ITS халықаралық сауда алаңындағы сауда көлемі 16 млн долларға жетіп, өткен айдағы айлық айналымның төрттен бір бөлігіне жуықтады.

ITS-тегі сауда көлемінің өсуі инвесторлар санының артуына байланысты. Алаң инвесторларға best execution принципі мен smart order routing технологиясы арқылы әлемдік нарықтың ең жақсы бағалары бойынша және кез келген қажетті көлемде мәмілелер жасауға мүмкіндік береді.

20 желтоқсанмен аяқталған аптадағы сауда көлемінің өсуі Tesla компаниясының акцияларымен операциялар көлемінің артуымен де байланысты болды.

Сауда көлемі бойынша ең танымал он акцияның қатарына Tesla (тикер: TSLA), Micron Technology (MU), Alphabet Class A (GOOGL), Microsoft (MSFT), Mobileye Class A (MBLY), Amazon (AMZN), Occidental Petroleum (OXY), Coca-Cola (KO), Alphabet Class C (GOOG) және NVIDIA (NVDA) акциялары кірді.

Айта кетейік, ITS халықаралық өтімділік орталығы. ITS бизнес үлгісі инвесторларға әлемдік қаржы нарығында және кез келген көлемде best execution (ең жақсы бағамен) бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік беретін және smart order routing (өтімділікті қамтамасыз ету) технологиясына негізделген. Осы технологиялардың арқасында ITS-те шетелдік бағалы қағаздардың өтімділігі бағалы қағаздар сатылатын жетекші халықаралық биржалардағымен бірдей.

ITS Central Securities Depository Limited — ITS орталық депозитарийі — бағалы қағаздарды сақтау және есеп айырысу бойынша депозитарлық қызметтерді көрсетеді.

Operating a clearing house acting as a Central Counterparty – ITS орталық контрагент ретінде әрекет ететін клирингтік орталықты басқару, клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелерінің тарабы және ITS сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.

ITS өзінің ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) индекстерін есептейді.

ITS-тің тікелей клиенттері Қазақстанның және басқа елдердің бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – аккредиттелген және АХҚО-да тікелей тіркелген қаржылық делдалдар. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар – брокерлер мен банктер арқылы сауда жасауға мүмкіндік алады.